Otpan News Logo

Қазақстанда емделуге пайданалатын зейнетақы жинағы қайта іске қосылуы мүмкін

Қазақстанда емделуге пайданалатын зейнетақы жинағы қайта іске қосылуы мүмкін
ашық дереккөзден

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте банктің зейнетақы жинақтарын емделуге, стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігін қайта жандандыру бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.


«Жинақтарын мақсатсыз пайдаланған 10% халықтың кесірінен салымшылардың 90%-ы бұл мүмкіндіктен айырылғаны өкінішті. Меніңше, бұл әділетсіздік. Қазіргі уақытта біз 2026 жылдың соңына дейін осы процесті біріздендіру (унификациялау) бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жүйеге стоматологиялық клиникалар да, қызмет көрсететін барлық басқа клиникалар да қосылады деп жоспарлануда. Орындалған жұмыс актілері онлайн форматта рәсімделеді, Денсаулық сақтау министрлігімен интеграция жасалады. Бәрі ашық әрі түсінікті болады», - деді Ляззат Ибрагимова.


Айта кетейік, бағдарламаны қайта іске қосу туралы түпкілікті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!