Ақтаудағы спорт мектебінің қызметкерлері референдумға барады
Өңірлік коалицияның ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы «Маңғыстау-Арена» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасты. Спикерлер Ата заңның жастарға арналған бағыты туралы баяндап, елімізді дамытуда адами капиталдың әлеуеті зор екендігін атап өтті. Мемлекет жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, өзін дамытуға кепілдік беретіндігі айтылды. Сонымен қатар Конституциялық референдум күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.
Ұжым қоғамдық-саяси реформаның ел өміріне оң өзгеріс әкелетініне сенім білдіріп, Конституциялық референдумды қолдады.
#референдум2026
#жаңаКонституция
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев