Otpan News Logo

Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр

Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр

Ақтау қаласында дзюдодан 2011-2012 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Халык батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған XVI ашық республикалық турнирі өтуде, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Турнирге еліміздің 7 облысынан, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларынан 15 команда қатысуда.


Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында дзюдо спортын дамыту, болашағы зор жас спортшыларды анықтау және олардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Турнирде жалпы саны 450-ге жуық жас спортшы 17 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынайды.


"Халық батырлары Иса-Досан жүлдесіне арналған XVI ашық республикалық турнирін дәстүрлі деп айтуға болады. Бұл жерге еліміздің әрбір түкпірінен келіп, спортшылар бақ сынасып жатыр. I, II, III орын алған спортшылар ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағын алады. Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта тағы да  ауқымды 4 жарыс бар. Спортшыларымыз тыңғылықты дайындалуда", - деді "Жас батыр" облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Ғайса Қалмұханов.


Айта кетейік, жарыстың қорытындысы бүгін кешкі уақытта белгілі болады. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталады.

108
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!