Амал мерекесінде Отпан тауға автобустар тегін қатынайды
Амал мерекесіне орай 13-14 наурыз күндері Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарын Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне апаратын автобустар тегін болады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан қатынайды. Жол жүру уақыты - 2 сағат.
Отпан тау тарихи-мәдени кешеніне баратын автобус 13 наурыз күні Ақтау қаласындағы 29А шағын аудан «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің алдындағы автотұрақтан сағат 12:00-де жолға шығады.
Жаңаөзен қаласынан Мұнайлы шағын ауданы Әмин Тұяқов атындағы спорт кешенінің автотұрағынан сағат 12:00-де қозғалады.
Автобустар Отпан тау тарихи-мәдени кешенінен сағат 22:00-де Ақтау және Жаңаөзен қалаларына қайтады.
Ал 14 наурыз күні Ақтау қаласындағы 29А шағын аудан «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің алдындағы автотұрақтан, Жаңаөзеннен Мұнайлы шағын ауданы Әмин Тұяқов атындағы спорт кешенінің автотұрағынан сағат 08:00-де жолға шығады. Көлік сағат 16:00-де қалаларға қайтады.