Қазақстан Қашаған мұнайының бір бөлігін Қытайға сатады
Украина дроны Қара теңіздегі Каспий құбыры консорциумының (КҚК) мұнай тиеу нүктесін зақымдағаннан кейін, Қазақстан алғаш рет Қашаған кен орнынан өндірілген мұнайдың бір бөлігін Қытайға тікелей сатады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kz.kursiv-ке сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, желтоқсан айында 50 мың тонна мұнай Қытайға жіберіледі. Бұған себеп — қазір негізгі мұнай экспорт бағыттарының бірі уақытша толық жұмыс істемей тұр.
Қазіргі кезде КҚК терминалындағы үш тиеу құрылғысының біреуі қатты зақымданған, ал біреуі жөндеуе, сондықтан бір ғана құрылғы жұмыс істеп тұр. Осындай себептер салдарынан Қазақстан мұнайды басқа жолмен экспорттауға мәжбүр.
Қашаған мұнайы Атасу – Алашанькоу құбыры арқылы Қытайға жеткізіледі. Айта кетейік, Қытай – әлемдегі ең ірі мұнай сатып алушы ел. Кен орнында мұнайды NCOC консорциумы өндіреді. Оның құрамындағы CNPC қытайлық компаниясы – 30 мың тонна, ал Жапонияның Inpex компаниясы – 20 мың тоннаны Қыйтайға жөнелтпек.
Қазақстанның Энергетика министрлігі Қашаған мұнайының Қытайға жөнелтілетінін ресми түрде нақтылаған жоқ, бірақ мұнайды тасымалдаудың балама бағыттары қарастырылып жатқанын растады.