Otpan News Logo

«Қаражанбасмұнай» ұжымы референдумға белсенді қатысуда

|
15.03.2026 09:57
«Қаражанбасмұнай» ұжымы референдумға белсенді қатысуда

15 наурыз күні республикалық референдум аясында №236 учаскеде «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының қызметкерлері дауыс берді.


Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар таңертеңнен бастап учаскеге келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда. Ұжым мүшелерінің айтуынша, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген әр адам мемлекет дамуына тек еңбегімен ғана емес, азаматтық ұстанымымен де үлес қосады.


- Біз күн сайын өндірісте еліміздің экономикасының дамуына өз еңбегімізбен үлес қосып келеміз. Ал бүгінгі референдум - мемлекетіміздің алдағы даму бағытына қатысты өз пікірімізді білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан әрқайсымыз бұл таңдауға жауапкершілікпен қарап, елдің болашағы үшін өз даусымызды беріп отырмыз, - деді кәсіпорын қызметкерлерінің бірі.


№236 учаскеде дауыс беру қалыпты режимде өтіп, азаматтардың қатысуы жоғары деңгейде байқалды.

29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!