Otpan News Logo

«Қаламқасмұнайгаз» мұнайшылары референдумда дауыс береді

|
25.02.2026 18:27
«Қаламқасмұнайгаз» мұнайшылары референдумда дауыс береді

Бүгін Республикалық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, өңірлік коалицияның төрағасы Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының жұмысшыларына жаңа Конституцияны таныстырды. Сенат депутаттары жаңа Конституцияғдағы билік тармақтарына қатысты енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, референдумның қоғамдық-саяси өмірді жаңғыртудың алғашқы қадамы екенін айтты. 


Спикерлер жаңа Конституцияның барлық ережелері мен нормаларында халық мүддесінің айқын көрініс тапқаны, алдағы жаңару кезеңінде азаматтардың өмірінде елеулі өзгерістер болатындығы туралы баяндады. Сонымен қатар адам құқығын қорғау, еңбек жағдайларын жақсартуға арналған бағыттарға ерекше көңіл бөлінді.


— Жаңа Конституция жобасы бойынша мемлекет адам құқығын сақтауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға кепілдік береді, – Бекбол Орынбасаров. 


Коалиция мүшелері Ата заң азаматтық қоғамды нығайтып, халықтың мемлекет ісіне белсенді қатысуына ықпал ететіндігін жеткізіп, мұнайшыларды Конституциялық референдумға шақырды. 


#референдум2026

#жаңаКонституция

243
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!