Otpan News Logo

Бокстан әлем чемпионы республикалық референдумда өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 09:35
Бокстан әлем чемпионы республикалық референдумда өз таңдауын жасады

Жаңа конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда әйгілі қазақстандық боксшы, Әлем чемпионы Бекзад Нурдаулетов №267 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Спортшы қазіргі саяси науқан ел үшін маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, спорттағы табандылық пен өмірдегі жауапкершілік тығыз байланысты.


— Спортта нәтижеге жету үшін табандылық пен өз-өзіңе сенім қажет. Сол сияқты қоғам өміріндегі маңызды сәттерде әр азамат өз ұстанымын білдіреді. Бүгін мен де референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым, — деді Бекзад Нурдаулетов.


Айта кетейік, сайлау учаскесінде таңғы 7-ден бастап дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтар референдумға белсенді қатысуда.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!