Otpan News Logo

Бірінші сынып оқушылары қосымша демалысқа шығады

|
05.02.2026 14:56
Бірінші сынып оқушылары қосымша демалысқа шығады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазір еліміз бойынша мектеп оқушылары үшінші тоқсанды оқып жатыр. Бұл кезең ұзақтығы 10 аптаға созылатындықтан ең ауыр болып саналады. Сол себепті бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс қарастырылған, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Бірінші сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс мектеп күнтізбесіне енгізілген. Мұндағы мақсат - биыл алғаш мектепке барған балаларға түсетін жүктемені азайту болып отыр. Бірінші сынып оқушылары 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанға дейін демалады. 16 ақпанда олар қайтадан мектепке оралып, тоқсанды барлық сыныптармен бірге аяқтайтын болады.

 

Барлық мектеп оқушылары үшін үшінші тоқсаннан кейінгі көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 11 күнге созылады (19-29 наурыз аралығы).

197
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!