Otpan News Logo

Ақтаулық кәсіпкерлер референдумда өз таңдауын жасайды

Ақтаулық кәсіпкерлер референдумда өз таңдауын жасайды

Облыстық коалиция өкілдері Атамекен кәсіпкерлер палатасында сауда, ресторан бизнесінің көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды otpannews.kz


Облыстық Коалиция өкілдері көшбасшылармен кездесіп, жаңа Конституцияға енген өзгерістерді таныстырды.Кездесуде референдумның маңыздылығы, ұсынылып отырған түзетулердің ел дамуына, соның ішінде шағын және үлкен бизнеске әсері сөз болды.


Кәсіпкерлер Жаңа Конституцияның кәсіпкерлік қызметке ықпалына қатысты пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері конституциялық өзгерістердің құқықтық негіздері мен жүзеге асырылу жоспарын түсіндірді.


Жиналыста референдум - әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды саяси науқан екені айтылды. Жиынға қатыскшылар 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретінін айтты.


“Бүгін Атамекен Кәсіпкерлер палатасында сауда орындарының көшбасшыларымен кездесу сәтті өтті. Олар Жаңа Конституция бойынша сұрақтар қойды. Спикерлер Жаңа Ата заңға енген өзгерістердің мән-мағынасын ашып түсіндірді. Өзгерістердің ішінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғау және негізсіз тексерістерге жол бермеу қағидалары бапта қарастырылған. Барлық тұрғындарды, әріптестерімді 15 наурыз күні болатын референдумда өз таңдауын жасауға шақырамын”,-деді Маңғыстау облысы Коалиция мүшесі Гүлназ Кожербаева. 


196
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!