Ақтауда «Каспий толқыны - 2026» байқауы өтті
Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайы» базасында жас экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық «Каспий толқыны - 2026» байқауы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың мақсаты – білім алушыларды Каспий теңізінің өзекті экологиялық мәселелерімен таныстыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыру.
Байқауға облыстың әр аудан, қаласынан 14–15 жас аралығындағы 35 білім алушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен экологиялық білімдерін көрсетті.
Байқау барысында қатысушылар «Каспий достық теңізі» сурет, «Eco-Fashion» сән көрмесі және «Каспий теңізінің бүгіні мен ертеңі» макет номинациялары бойынша бақ сынады. Қатысушылардың жұмыстарының мазмұны, креативтілігі мен эстетикалық деңгейі бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, келесі жеңімпаздар марапатталды. «Каспий достық теңізі» сурет номинациясы бойынша І орын - Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Сабина Кусаинова;
ІІ орын - Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова ат. №29 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Нұржан Райымбек және Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі 9 сынып оқушысы Гаухар Сарыбаева;
ІІІ орын - Жаңаөзен қаласы, №25 ЖББМ 8 сынып оқушысы Ақдидар Серік, Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Гүлназ Өтелген және Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев ат. мектептің 8 сынып оқушысы Ақбота Джұмағұл.
«Eco-Fashion» сән көрмесі номинациясы бойынша І орын - Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейінің «Green Generation» тобы;
ІІ орын - Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова ат. №29 мектеп-гимназиясының «Теңіз сыры» тобы және Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің «Алау» тобы;
ІІІ орын - Бейнеу ауданы, Алтынсарин мектептің «Жасыл болашақ» тобы, Қарақия ауданы, №4 мектептің «Тұмар» тобы және Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясының «Эко-толқын» тобы.
«Каспий теңізінің бүгіні мен ертеңі» макет номинациясы бойынша І орын - Мұнайлы ауданы, №7 мектептің 9 сынып оқушысы Нұртілеусұлу Жақсыбек;
ІІ орын - Жаңаөзен қаласы, №19 мектептің 8 сынып оқушысы Ақмарал Нұрғалын және Қарақия ауданы, З. Бекарыстанұлы ат. №3 мектептің 9 сынып оқушысы Аманжол Нұрберген;
ІІІ орынды - Ақтау қаласы, №6 мектептің 8 сынып оқушысы Айзере Сергей, Бейнеу ауданы, Алтынсарин мектептің 9 сынып оқушысы Мөлдір Нұрдәулет және Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Гаухар Сережа алды.