Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтау және Құрық порттары арқылы астық тасымалдау 3 есеге ұлғайды

|
02.10.2025 10:26
Ақтау және Құрық порттары арқылы астық тасымалдау 3 есеге ұлғайды
Фото: ҚТЖ ҰК АҚ

Қыркүйек айында теміржол арқылы 1 млн тоннадан астам астық экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19% артық болып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz


ҚТЖ желісі бойынша астықты тасымалдаудың жалпы көлемі бір айда 1,3 млн тоннадан асса, оның ішінде республика бойынша 318 мың тонна (+71%) жөнелтілген. Орталық Азия елдеріне 647 мың тонна (+44%) жөнелтілді. 


«Өзбекстанға - 50%, Түрікменстанға - 73%, Қырғызстанға 4 еседен асқан. Қара теңіз порттары бағытындағы экспорт 26%, Балтық порттарына экспорт 11 есе өсті. 2025 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 9,6 млн тоннаны (+40%) құрады, оның ішінде республика ішінде — 2,3 млн тонна (+33%). Экспортқа — 7,3 млн тонна (+43%), оның ішінде Орталық Азияға — 4,1 млн тонна (+34%), Ауғанстанға — 40%, Ақтау және Құрық порттары арқылы 3 есе, ал Балтық елдеріне 14 есе өсіп отыр”, - деп жазылған ҚТЖ ҰК АҚ хабарламасында.
131
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!