Otpan News Logo

Ақтау қаласының әкімі референдумға отбасымен бірге келді

|
15.03.2026 09:41
Ақтау қаласының әкімі референдумға отбасымен бірге келді

Бүгін, 15 наурыз күні, республикалық референдум аясында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов №242 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Шаһар басшысы маңызды саяси науқанға отбасы мүшелерімен бірге қатысып, әрбір азамат үшін бұл күннің мәні зор екенін атап өтті.


Қала әкімі дауыс беру – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық борышы екенін айтып, барша тұрғындарды ел дамуына бей-жай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды.


– Референдум – мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын тарихи сәттердің бірі. Осындай маңызды күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы тиіс. Бүгін мен де отбасыммен бірге келіп, өз дауысымды бердім. Бұл – менің азаматтық борышым, – деді қала басшысы.


Айта кетейік, бүгін республика бойынша референдум өтіп жатыр. Ақтау қаласында дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық сайлау учаскелері тұрғындардың еркін әрі ашық түрде дауыс беруі үшін қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етілген.

27
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!