«Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық мәслихат сайлауына кандидаттар тізімін ұсынды
OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясы филиалы ұсынған облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың тізімін тіркеді.
Партиялық тізімде тоғыз адам бар. Сайлау заңнамасына сәйкес, тізімдегі әйелдер мен жастардың үлесі кандидаттардың жалпы санының 30 пайызын құрайды.
Тізімге енгізілген кандидаттар қатарында кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер және партия өкілдері бар. Олардың басым бөлігі Ақтау қаласында тұрады. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданының өкілдері де қамтылған.
Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерді Маңғыстау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы табыстады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға жоспарланған.