Otpan News Logo

Түпқарағанда Республика күні аталып өтті

|
25.10.2024 00:00
Түпқарағанда Республика күні аталып өтті

Түпқарағанда аудандық мәдениет үйі ғимаратында Республика күніне арналған «Қазақстан- туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен бастау алған жиынды аудан әкімі Рахат Елтизаров ашып, жиылған жұртшылықты Республика күнімен құттықтады. 


«Қадірлі жерлестер! Сіздерді қастерлі мерекеміз 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы деп білемін. Осы уақыт ішінде көп ұлтты, бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем, келешегі кемел ел болдық. Бұл – ұлт пен ұлыстың татулығы, отандастарымыздың табанды еңбегі мен ерік-жігерінің жемісі. Тәуелсіздік жылдары өңіріміздің де экономикалық даму көрсеткіштері қарқын алып, осынау жыл ішінде Түпқараған ауданы зор жетістіктерге қол жеткізді. Уақыт талабына сәйкес, аудан көлемінде жаңартулар мен жаңғыртулар жасалды. Бұл тарапта әрбір түпқарағандықтың еңбегі, лайықты үлесі бар. Біз алдағы уақытта да ауданымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай аймақ дамуындағы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы Қазақстанның гүлденуіне әрмен қарай үлес қосамыз деп сенемін. Баршаңызды осынау айтулы ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтайтын ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Іргеміз берік, бірлігіміз бекем болсын! Мереке құтты болсын, ағайын!», - деді аудан басшысы өз құттықтауында. 


Салтанатты шарада бірқатар азаматқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, «Құрмет грамотасы» және Алғыстармен марапатталды. 


Жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!