Otpan News Logo

Жаңаөзенде электрондық кезекті алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады

|
07.07.2026 11:07
Жаңаөзенде электрондық кезекті алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады

7 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Нотариаттық куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша бірыңғай электрондық кезекті алдын ала брондау пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Бұл бастама азаматтарға мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық кезекті алдын ала брондап, өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді», деп жазылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының мәліметінде. 


Еске сала кетейік, Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы Шұғыла шағынауданы, 29А мекенжайында орналасқан. Азаматтарды қабылдау дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!