Otpan News Logo

Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы референдумда дауыс берді

|
15.03.2026 14:29
Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы референдумда дауыс берді

Бүгін Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылындағы №103 сайлау учаскесіне Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, Рахат ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің лауреаты Тоқберген Аманов отбасымен бірге келіп, референдумда дауыс берді.


Таңғы сағат 07:00-де дауыс берген ардагер ел үшін маңызды саяси науқанда әр азамат белсенді болуы керектігін атап өтті.


– Бұл – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел дамуына үлес қосуы керек. Барша қазақстандықтарға бірлік, береке және жарқын болашақ тілеймін, – деді Тоқберген Оңдағанұлы.


Ардагердің айтуынша, отбасылық бірлік пен елге деген жауапкершілік – ұрпаққа берілетін ең үлкен тәрбие.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!