Otpan News Logo

«NAIZA» президенті Нұрбек Қарабала референдумда «Маңғыстау style» челленджін қолдады

|
15.03.2026 14:32
«NAIZA» президенті Нұрбек Қарабала референдумда «Маңғыстау style» челленджін қолдады

«NAIZA» ММА жекпе-жек промоушенінің президенті референдумда таңдауын жасады. Ол дауыс беруге ұлттық киім киіп келіп, Маңғыстаудан бастау алған челленджді әрі қарай жалғады.


-Біз референдумда дауыс беруге келдік. Маңғыстаудан басталған челленджді қолдап, ұлттық киіммен келдік. Референдумге қатысып жатырмыз. Енді өзімнің челленджімді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Имашевке және барша қазақстандықтарға жолдаймын, - деді Нұрбек Қарабала.


Айта кетейік, аймақта референдум аясында түрлі бастамалар ұйымдастырылып, тұрғындар дауыс беру учаскелеріне белсенді қатысуда. Ұлттық киіммен келу челленджі де өңір тұрғындарының қолдауына ие болып отыр.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!