Otpan News Logo

Маңғыстаудағы «Аналар кеңесінің» мүшелері өз таңдауын жасады

|
15.03.2026 13:53
Маңғыстаудағы «Аналар кеңесінің» мүшелері өз таңдауын жасады

Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласындағы №62 референдум учаскесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі Татьяна Мурадян республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.


Татьяна Мурадян – қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген азаматшалардың бірі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары аясында қоғамдағы татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі бастамаларға қатысып, этносаралық өзара түсіністікті дамыту жолында жүйелі еңбек етіп келеді.


Референдум күні де ол азаматтық белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, отбасы мүшелерімен бірге дауыс беруге келді. Оның айтуынша, мемлекет болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, қоғамдық өмірге белсенді араласуы тиіс.


– Мен үшін әрбір дауыс – еліміздің болашағына деген жауапкершілік. Бүгін азаматтық ұстанымымды білдіріп, өз таңдауымды жасадым. Осындай маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір қазақстандықтың борышы деп санаймын, – деді Татьяна Мурадян.
28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!