Otpan News Logo

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватаксимен референдумға барды

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватаксимен референдумға барды

Бүгін жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бірлік тұрғын алабында тұратын І топ мүгедегі Дарылғап Жиенбаев жолдасымен бірге инватакси қызметінің көмегімен Қызылтөбе ауылындағы №207 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.


Арнайы көлік қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуына қолайлы жағдай жасап, олардың дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.


- Инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр. Референдумда өз таңдауымды жасайын деп келдім. Барлығы еліміздің болашағы үшін ғой. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Дарылғап Жиенбаев.
14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!