Otpan News Logo

Жаяуға құрмет –заңға міндет: Жаңаөзенде балшық шашқан жүргізуші 86 мың теңге айыппұл арқалады

|
05.02.2026 13:36
Жаяуға құрмет –заңға міндет: Жаңаөзенде балшық шашқан жүргізуші 86 мың теңге айыппұл арқалады

Жолдағы мәдениет – тек ереже сақтау емес, айналаңдағы адамдарға деген құрмет. Жаңаөзенде көлігімен жаяу жүргіншінің үстіне балшық шашқан жүргізуші заң алдында жауап беріп, айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабрлайды otpannews.kz сайты.


Оқиға өткен жылдың 28 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының Бостандық шағынауданында орын алған. «Mercedes» маркалы автокөлігін тізгіндеген азамат Е. жол жиегіндегі су мен балшықты абайсызда көшеде кетіп бара жатқан азаматша Г.-нің үстіне шашып кеткен.


Жәбірленуші бұл әрекетті жай ғана қолайсыздық емес, жеке тұлғаның тыныштығын бұзу және қоғамдық орында өзгелерге құрметсіздік таныту деп бағалап, тиісті органдарға шағымданды.


Жаңаөзен қалалық соты бұл істі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша қарады. Сот процесі барысында жүргізушінің кінәсі айғақтармен толық дәлелденді. 


Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Дегенмен, заң талабы – қатаң. Сот шешімімен азамат Е.-ге 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі таңда қаулы заңды күшіне енді.


Есте сақтаңыз, көшедегі суды немесе балшықты адамдардың үстіне шашу – бұл жай ғана абайсыздық емес, заң жүзінде қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады. Мұндай салғырттықтың соңы әмияныңызға айтарлықтай салмақ салуы мүмкін.

198
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!