Otpan News Logo

Заң мен тәртіп – ұрпақ тәрбиесінің негізі

|
09.03.2026 17:02
Заң мен тәртіп – ұрпақ тәрбиесінің негізі

Мұнайлы ауданы №16 мектептің тарих пәні мұғалімі Жақсылық Елемесов жаңа Конституциядағы өзгерістер білім мен тәрбие саласына да оң ықпал етеді деп есептейді. Оның айтуынша, ұстаздық қызметке қатысты қағидалардың конституциялық деңгейде көрініс табуы қоғамдағы заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.


Ұстаздың пікірінше, бұл өзгерістер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде «Біртұтас тәрбие» қағидатын орнықтырып, адал, жауапкершілігі жоғары азамат қалыптастыруға негіз болады.


«Ұстаздық саласындағы өзгерістердің конституциялық нормаларға енгізілуі – заң мен тәртіпті күшейтіп, қоғамда адал азамат тәрбиелеуге жол ашады», – дейді Жақсылық Елемесов.


Сондай-ақ ол ел болашағына бейжай қарамай, барша азаматтарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!