Маңғыстаулық кейуана 101 жасқа толды
Түпқараған ауданына қарасты Аташ ауылының тұрғыны Сүйген Кентанова 101 жасқа толды. Ғасыр жасаған кейуананы мерейлі жасымен аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімдігі өкілдері арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сүйген Кентанова 1925 жылы Жармыш ауылында дүниеге келген. Ол соғыс жылдарының ауыртпалығын көріп, тылдағы ауыр еңбекке атсалысқан. Отан соғысы кезінде ұжымшарда жұмыс істеп, жеңіске өз үлесін қосты.
Кейін Форт-Шевченко қаласына қоныс аударып, «Маңғышлақ ревкомының балық цехы» кәсіпорнында ұн өндіру саласында еңбек етті. Осы кәсіпорында зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жұмыс істеген.
Жолдасы Мақаш Кентанов Отан соғысына қатысып, майдан даласында үш рет жараланған. Соғыстан кейінгі жылдары түрлі қызметтер атқарды. Алайда майданда алған жарақатының салдарынан 1971 жылы 45 жасында өмірден озған.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы Айнагүл Байбатырова мен Баутино ауылының әкімі Еркебұлан Жеткізгенов Сүйген әжені мерекемен және 101 жасқа толуымен құттықтады.
Қазіргі уақытта Сүйген әжей ұлы, келіні және немерелерімен бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ол 4 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп өсірсе, олардан 10 немере, 12 шөбере және 5 жиеннің сүйіп отыр.