Отбасы құндылықтары – Конституция назарында
«Саламатты Ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзира Есетова жаңа Конституцияда отбасы институтын нығайтуға ерекше мән берілгенін атап өтті. Отбасы құндылықтарын сақтау, неке мен отбасылық жауапкершілік мәселелері маңызды конституциялық қағидалар ретінде көрініс тапқан.
Сонымен қатар жаңа нормаларда ата-ананы құрметтеу, қарт ата-ананы қараусыз қалдырмау сияқты ұлттық құндылықтар да айқын көрсетілген. Бұл қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын нығайтып, отбасының бірлігін сақтауға бағытталған.
Гүлзира Есетованың пікірінше, мұндай маңызды өзгерістер әрбір отбасының болашағына тікелей әсер етеді.
«Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда өз таңдауыңызды жасау – әрбір отбасы мүшесі үшін маңызды», – деді ол.
Осыған орай ол барша тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, азаматтық таңдауын жасауға шақырды.