Азаматтық ұстаным – ел болашағына жауапкершілік
Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова жаңа Конституциядағы өзгерістер қоғам дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ұсынылып отырған құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа ұғымдар мен институттар енгізіліп отыр. Соның ішінде Вице-Президент, Халық кеңесі сияқты жаңа құрылымдардың пайда болуы басқару жүйесін жаңғыртып, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Жібек Ахметованың пікірінше, мұндай маңызды саяси кезеңде әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруі қажет.
«Біз қарапайым азамат ретінде де ел болашағы үшін жауапкершілік алып, 15 наурыз күні азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз керек», – деді ол.
Осы орайда ол барша тұрғындарды алдағы республикалық референдумға белсенді қатысып, ел дамуына өз үлесін қосуға шақырды.