Otpan News Logo

Ақтауда «Senat Open 2026» аясында шахматтан облыс чемпионаты өтті

|
03.04.2026 15:33
Ақтауда «Senat Open 2026» аясында шахматтан облыс чемпионаты өтті

Ақтауда «Шерхан» шахмат мектебінде «Senat Open 2026» кубогының 1/8 финалы аясында ақпарат және қоғамдық даму саласы өкілдері арасында жылдам шахматтан Маңғыстау облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Турнирге отыздан астам шахматшы қатысып, өңір біріншілігі тартысты бәсекеге толы болды. Қатысушылар өзара жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, көрермендерге қызықты партиялар ұсынды.


Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды (абсолют чемпион) Жанар Айтжанов иеленді. 2-орын Айлина Шайхымоваға бұйырды. Ал үздік үштікті Нығмет Мақсат түйіндеді. Сонымен қатар, Дмитрий Лобанов 4-орынға жайғасса, Серік Бүркітбаев үздік бестікке енді.


Қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен Фарида Есемуратова ерекше көзге түсті. Өңірлер бойынша Ақтау қаласынан Рысбек Несібеков, Маңғыстау ауданынан Бисенбі Бекмағамбетова және Түпқараған ауданынан Бағдат Құлмұрзин үздіктер қатарынан көрінді.


Айта кетейік, аталған турнирде үздік 20 шахматшы 1/4 финалға жолдама алды.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!