Үстірт қорығына жаңа өрт сөндіру техникалары берілді
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының автопаркі екі жаңа заманауи өрт сөндіру автокөлігімен толықты. Арнайы техника қорықтың материалдық-техникалық әлеуетін арттырып, табиғатты қорғау жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бері еліміздегі қорықтар мен ұлттық парктердің техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл шаралар табиғи аумақтарды қорғауды күшейтіп, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
- Қорыққа берілген жаңа өрт сөндіру автокөліктері 3 тоннаға дейін су тасымалдай алады. Сонымен қатар арнайы өздігінен қорғану жүйесімен жабдықталған және қозғалыс кезінде өрт ошақтарын жедел сөндіруге мүмкіндік береді. Мұндай мобильді техникалар климаттық жағдайы күрделі, аумағы кең Үстірт өңірі үшін аса маңызды, - деп жазылған қорықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.