Өңірде Референдум күні 35 инватакси қызмет көрсетеді
Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облыстық Референдум комиссиясының мәліметінше, 249 референдум учаскесінде мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз келіп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік бар.
- 248 учаскеде кресло-арба пайдаланатын адамдардың ғимаратқа кіруі үшін пандустар бар және көмекке шақыруға арналған қоңырау батырмалары орналастырылған. 1 учаскеде пандус қажет етілмейді. Барлық учаскеде тактильді көрсеткіштер, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы бұрыштар, арнайы дауыс беру кабиналары бар, - деп жазды облыстық Референдум комиссиясы.
Сондай-ақ арнайы бұрыштарда орнатылған компьютер арқылы көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бюллетень туралы аудиожазбалар бар, жаңа Конституция баптарын қазақ және орыс тілдерінде құлаққап арқылы тыңдай алады. Учаскелер ұлғайтқыштар мен Брайль қарпімен трафареттермен қамтылған.
Референдум күні облыстың 24 елді мекенінде 35 инватакси қызметі жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда төмендегі нөмірлер арқылы өтінімді 1 күн бұрын беруге болады.
📍 Ақтау қаласы – 8 778 474 2167
📍 Жаңаөзен қаласы – 8 705 124 5778
📍 Бейнеу ауданы – 8 771 827 7666
📍 Қарақия ауданы – 775 073 7885, 8 708 725 7808
📍 Маңғыстау ауданы – 8 771 116 1877
📍 Мұнайлы ауданы – 8 775 146 8487, 8 778 276 9037
📍 Түпқараған ауданы – 8 778 593 8738