Otpan News Logo

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин дүниеден өтті

|
03.04.2026 21:15
Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин дүниеден өтті

3 сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин 99 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамдық коммуникация орталығының жазуынша, Василий Иванович майданға 14 жасында аттанып, бірінші Қиыр Шығыс майданында ерлік көрсетті.


Ардагер журналистерге берген сұхбаттарында соғыс жылдары, майдандағы қиын кезеңдер мен қаруластарының ерлігі туралы жиі айтатын. Сұрапыл соғыс жылдары ағаштан шатыр жасап, бет қарыған аяз бен аптапта, жел мен жаңбырда шинелін жастанған жауынгер естеліктерін жиі бөлісті, таңсәрідегі толассыз артиллериялық дайындықтарды, соғыстан кейін де берілмеген жапон бөлімдерін, қоймалар мен темір жолдарды, заставаларды күзеткен бөлімдері туралы да еске алатын.


Майдангер «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков» медальдарымен марапатталған. Соғыс ауыртпалығына қарамастан, ол соғыстан кейінгі жылдары да ел игілігі үшін еңбек етті.


Осыдан бір ай бұрын, яғни биыл 11 наурызда майдангер Маңғыстау және Қазақстан тұрғындарына үндеу жасалы. Ол бейбіт өмірдің қадірін білу қаншалықты маңызды екенін және оның қандай жоғары бағамен келгенін ұмытпау керегін айтты. Василий Иванович соғыс жылдары халық үшін үлкен сынақ болғанын, бірақ дәл солдаттардың ерлігі мен жанқиярлығының арқасында елдің бостандығы мен болашағы қорғалды деді.


Жыл сайын 9 мамыр күні Әскери-теңіз күштері оркестрінің музыканттары майдангердің үйінің алдында соғыс жылдарындағы әндерді, соның ішінде аңызға айналған «Катюша» мен «С Днём Победы» әндерін орындайтын.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!