Otpan News Logo

“Мыңдардың тағдыры талқандалған кездерден қалған деректер” кітабы жарық көрді

|
03.04.2026 17:20
“Мыңдардың тағдыры талқандалған кездерден қалған деректер” кітабы жарық көрді

Бүгін Ақтауда Журналистер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Жанат Нұрмаханованың кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. “Мыңдардың тағдыры талқандалған кездерден қалған деректер” кітабында саяси қуғын-сүргін мен тәркілеуге ұшыраған 2400 адамның есімі анықталып, тың деректер келтірілген, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл кітаптың жазылуына басты себеп – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы Жарлығы. Мемлекет басшысының бастамасы аясында елде Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргіне ұшырағандарды ақтау мақсатында  бірнеше топ құрылып, сол  кезеңдердегі тәркілеу мен қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер жиналды. 


Басты мақсатымыз – 1927-1932 жылдар аралығында Маңғыстау даласында қудалауға ұшыраған байларды, кулактар мен орта топ шаруаларды анықтау болды. Бұл кітаптың екінші авторы – Бауыржан Айманов. Осы тақырып аясында топ құрылып, бірнеше тарихшы қатар жұмыс істедік. 2021 жылдан бастап түрлі архивтерді шарлап, өте көп мағлұмат жиналды. Бүгін жарық көріп отырған кітабымыз 700 бетке жуық. Дәл осындай тағы 2 том жазылып, дайын тұр”,- деді кітап авторы Жанат Нұрмаханова. 


Екінші автор Бауыржан Аймановтың айтуынша, қазіргі Маңғыстау даласы мен Жылыой ауданы аумақтарында қуғын-сүргінге, қудалау мен конфискацияға ұшырап, жер аударылған, сайлау құқығынан айырылып, азаматтық пікір білдіру мүмкіндігінен айырылған 2400 адамның тізімі осы кітапта жазылған. 


Кітапқа ақпарат жинау үшін біз Маңғыстаудағы облыстық архив қорын, Алматыдағы 2 үлкен архив, атап айтқанда ҚР Орталық мемлекеттік архиві мен ҚР Президенті архивіндегі ашық және жабық 2 қорда, сондай-ақ көршілес шетелдердегі  мемлекеттіу архивтерде жұмыс істедік. Біз бұрын соңды еш жерде кездеспеген, тың деректерді тауып, оларды осы кітап бетіне түсірдік”,- дейді Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, Архив саласының үздігі Бауыржан Айманов.
34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!