Маңғыстау курорт аймағына қызығушылық танытатын демалушылардың саны артып отыр
2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,8 млн адам демалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда (4,3 млн адамға) 11,5%-ға көп. Туристердің 17,3%-ы - резидент емес азаматтар. Ал Маңғыстау курортық аймағы көшбасшы үштіктің қатарына енді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ең көп келуші Алматы тау кластерінде тіркелді. Мұнда 2,9 млн адам демалды. Екінші орында Щучинск-Бурабай курорт аймағы сұранысқа ие. Мұнда 463,1 мың адам демалысын өткізген. Үшінші орында - 370,1 мың келушісі бар Маңғыстау курорт аймағы.
Сонымен қатар, үздік бестікке тағы екі танымал курорттық аймақ енді. Балқаш туристік аймағында 182,9 мың адам, Жетісу облысындағы Алакөл курорттық аймағында 149,1 мың адам демалған.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы орналастыру орындары 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
Жалпы Қазақстанның курорт аймақтарында демалушыларды орналастыратын 1856 орын тіркелген.