Otpan News Logo

Түпқарағандық спортшылар референдумға барады

|
02.03.2026 15:48
Түпқарағандық спортшылар референдумға барады

Түпқараған ауданындағы «Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ғимаратына өңірлік коалиция мүшелері арнайы барып, ұжымға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аталған кездесуде коалиция мүшелері Нури Тумышев, Пания Сармурзина, Айнагүл Байбатырова, Жанна Джартыкова, Қайрат Таңғұл, Нұркен Сазанов Конституциядағы маңызды өзгерістерге тоқталды. Қатысушылар құжатта көзделген жаңашылдықтар жөнінде пікір алмасып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Еркін форматта өткен диалог барысында реформалардың маңызы, олардың қоғам мен өңір дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.


Спорт кешенінің ұжымы болып жаңа Конституцияны қолдаймыз. Еліміз үшін жуапкершілікпен жұмыс жасауға, қызмет етуге дайынбыз. Мықты мемлекет – мықты заң, рухы биік ұрпақ. Алдағы 15-ші наурызда өтетін қызметкерлерім мен барша қазақ елін дауыс беруге шақырамын, - дейді спорт кешенінің директоры Болатбек Құдайбергенов. 


Ұжым қызметкерлері толықтай жаңа Конституцияны қолдап, алдағы болатын референдумға баратынын айтты.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!