Otpan News Logo

Маңғыстау облысында ірі көлемде пара алғаны үшін Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі сотқа тартылуда

Маңғыстау облысында ірі көлемде пара алғаны үшін Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі сотқа тартылуда
ашық дереккөзден

Айыпталушы Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, аталған іс бойынша тергеу амалдары аяқталған. Бұрынғы тергеушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі – «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, бұл іс бойынша пара берген азамат та жауапқа тартылып, оған ҚР ҚК-нің 368-бабы бойынша айып тағылуда.


Сот процесі Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында алқабилердің қатысуымен өтуде.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!