Otpan News Logo

Түпқарағандық өнер саласының қызметкерлері референдумға барады

|
02.03.2026 15:44
Түпқарағандық өнер саласының қызметкерлері референдумға барады

Өңірлік Коалиция мүшелері Нури Тумышев, Пания Сармурзина, Айнагүл Байбатырова, Жанна Джартыкова, Қайрат Таңғұл, Нұркен Сазанов Түпқараған ауданында өнер саласының қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен алдағы референдумның маңызын түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесу барысында баяндаушылар жаңа Конституция жобасына ұсынылып отырған түзетулер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызын кеңінен тарқатты.  


Сонымен қатар, еңбек адамының құқықтарын қорғау, шығармашыл адамдардың құқығын қорғау, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайту және әділ еңбекақы қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған нормаларға айрықша мән берілді. Қатысушылар бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеріп, елдегі басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


Мәдениет пен шығармашылық – ұлттың рухани тірегі. Өнер адамдары өз ойын еркін айтып, туындысын еш кедергісіз ұсына алуы тиіс. Сондықтан құжатта ең алдымен шығармашылық еркіндікке, ұлттық өнерді дамытуға, дәстүрлі мәдениетті қолдауға басымдық беріледі. Бұл – болашақ ұрпаққа төл құндылықтарымызды жеткізудің кепілі, - деді Пәния Сармурзина.


Коалиция өкілдері референдум 84 пайызға өзгергенін және де өзгерістердің ұзақ мерзімді даму үдерісіне оң әсер ететінін атап өтті.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!