Otpan News Logo

«Таза Қазақстан»: Қызылсай паркінің мамандары оқушыларға экологиялық дәріс өткізді

|
05.02.2026 11:28
«Таза Қазақстан»: Қызылсай паркінің мамандары оқушыларға экологиялық дәріс өткізді
Фото: "Қызылсай" паркі

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері экологиялық ағарту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатыр, деп жазады otpannews.kz.

 

Осы мақсатта парктің ғылыми бөлімінің мамандары Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылындағы Өтес жалпы білім беретін мектебінің 9- 10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында табиғатты қорғаудың маңызы, сондай-ақ жабайы және үй жануарлары арасында кездесетін құтыру ауруының белгілері мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

 

 «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру аса маңызды.

 

«Табиғатты қорғау – тек мамандардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал бұл жауапкершілікті ең алдымен жас ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Осындай түсіндіру жұмыстарын мектеп қабырғасынан бастау - болашақта табиғатқа жанашыр азаматтарды тәрбиелеудің тиімді жолы», - деді ол.

 

Айта кету керек, экологиялық қауіпсіздік пен табиғи аумақтарды қорғау бағытындағы жұмыстар тек ағартумен шектелмейді. Бұған дейін «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылсай" кешендерді қорғау бөлімінің басшысы Н.Бисенғазиева қарамағындағы мемлекеттік инспекторларымен бірге рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізген болатын.

191
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!