Otpan News Logo

Әскери-теңіз күштері «Оймаша» полигонында заманауи ұрыс тәсілдерін пысықтап жатыр

|
10.02.2026 17:39
Әскери-теңіз күштері «Оймаша» полигонында заманауи ұрыс тәсілдерін пысықтап жатыр

Бөлімшелер, экипаждар мен есептоптардағы әскери қызметкерлер өздеріне берілген қарумен жауынгерлік атыс жаттығуларын бастады. Олар атысты шынайы ұрыс жағдайында жаттықты. Бұл туралы otpannews.kz әскери ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.


2025 жылдың күзінде әскерге шақырылған мерзімді қызметтегі матростар бір ай ішінде әскери дайындықтан өтті. Олар өздеріне берілген қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерді.


Инструкторлық - әдістемелік сабақтарда командирлер практикалық атысқа және ұшу аппараттарын қолданды. Жаттығулар барысында дрондар оқ-дәрілерді атыс орындарына жеткізу үшін пайдаланылып, заманауи ұрыс тәсілдерін іс жүзінде жүзеге асырды.


Атырау облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі матрос Нұрберген Жауынбай батальондағы тәжірибесімен бөлісті.


«Қызмет барысында көп практикалық тәжірибе жинадым. Әсіресе заманауи шайқас элементтерімен өткізілген жаттығулар өте пайдалы болды. Бірінші рет дронның оқ-дәрілерді атыс позицияларына жеткізу үшін қолданылуын тәжірибеде көрдім. Бұл тапсырмаларды орындау уақытын едәуір қысқартады және жеке құрамның қауіпсіздігін арттырады. Мұндай жаттығулар заманауи шайқас талаптарын жақсы түсінуге және өз бөлімшесі құрамында сенімді әрекет етуге көмектеседі», — деді әскери қызметші.


Жаттығулар барысында бөлімшелердің өзара іс-қимылы пысықталып, әскери қызметкерлердің тактикалық ойлау қабілеті мен шұғыл шешім қабылдау дағдылары арттырылды.


«Басты мақсат — жеке құрамның күрделі жауынгерлік жағдайда, күндіз де, түнде де жеке және топтық қаруды қолдану қабілетін тексеру, сондай-ақ заңсыз қарулы топтарға қарсы белсенді әрі үйлесімді әрекет ету», — деді батальон командирі майор Мұрат Ибрагимов.


174
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!