Otpan News Logo

Шетелдік саяхатшы: Маңғыстау – «жатпланеталық» пейзаждар мекені

|
13.04.2026 11:28
Шетелдік саяхатшы: Маңғыстау – «жатпланеталық» пейзаждар мекені
instagram: @jordlg

Маңғыстаудың тұмса табиғаты шетелдіктерді таңдандырып, өзге елден келетін туристер саны артуда, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жақында танымал тревел-блогер Джордан Маңғыстаудың табиғатын басқа планетаға теңеп, өңірдің туристік әлеуеті туралы мазмұнды жазба жариялады.


Саяхатшының айтуынша, Маңғыстаудың қызыл және сарғыш түсті жартастары мен орта ғасырлық тұғырларға ұқсайтын тас түзілімдері адамға өзге әлемде жүргендей әсер береді. Әсіресе, аспанмен астасқан айнадай сорлар мен шексіз көкжиек өңірді фотографтар мен дрон түсірілімдері үшін таптырмас мекенге айналдырған.


«Егер сіз басқа планетада жүрудің қандай екенін білгіңіз келсе, Маңғыстауға барыңыз. Маңғыстау – ерекше сезімге бөлейтін жер»,- деп жазады автор.


Саяхатшы өңірдің сұлулығына қарамастан, туристер ағынының әлі де төмен екенін атап өтті. Сондай-ақ Маңғыстауды «overlanding» (жолсыз жермен саяхаттау) әуесқойлары үшін нағыз еркіндік алаңы ретінде сипаттады.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!