Otpan News Logo

Ақтауда белгілі дәрігер, профессор Игорь Киргизовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтеді

|
13.04.2026 11:49
Ақтауда белгілі дәрігер, профессор Игорь Киргизовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтеді

Ақтау қаласында 18–22 мамыр аралығында белгілі дәрігер, профессор Игорь Киргизовтың отандық хирургтарға арналған «Балалар колопроктологиясындағы лапароскопиялық операциялар» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді.


Аталған бастама отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және балаларға жоғары білікті медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Іс-шараны ұйымдастырушы – BI Group құрылыс компаниясының «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры. Жоба жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асуда. Сонымен қатар бастаманы іске асыруға блогерлер, қоғамдық белсенділер және өңір тұрғындары да атсалысуда.


«BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының мәліметінше, сапар барысында 10 балаға хирургиялық ота жасау, сондай-ақ профильдік диагноздары бар пациенттерге шамамен 50 тегін кеңес беру жоспарланған. Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі.


Айта кетейік, Игорь Киргизов 35 жылдан астам дәрігерлік және педагогикалық тәжірибесі бар, жоғары біліктілік санатындағы профессор, балалар хирургі.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!