Оқу-ағарту министрлігі: Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға қатаң тыйым салынды
ашық дереккөзден
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларынан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражат пен өзге де материалдық құндылықтарды жинауға тыйым салды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сондай-ақ, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде (мейрамхана, дәмхана т.б.) өткізуге де жол берілмейді.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кешін өткізу талаптарын нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданады.
«Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ғана өткізіледі. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражат пен өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде өткізуге рұқсат етілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жүктелді», - делінген министрліктің хабарламасында.
44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев