Маңғыстау спортшылары кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетті
1-7 маусым аралығында 2008–2009 жылдары туған жастар мен 2012–2013 және 2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінің спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ауқымды жарысқа еліміздің 16 облысы мен 3 қаласынан 814 спортшы қатысты. Жерлестеріміз турнирдің үздік қатысушыларының қатарына еніп, өздерінің шеберлігі мен қайсарлығын дәлелдеді.
Жүлдегер атанғандар:
- Айбар Махмуд – 42 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын (фулл-контакт)
- Кәусар Бейсенбай – 56 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орын (фулл-контакт)
- Санжар Дәулет – 45 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын (фулл-контакт)
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев