Өнеркәсіп және құрылыс министрі Оңтүстік Корея компанияларын Ақтау және Құрық порттарын дамытуға шақырды
Ақтау және Құрық порттары Орта дәлізде маңызды рөл атқарып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалында елеулі орын алады. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысында мәлімдеді, деп жазады otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Жиында министр ҚР Президентінің Транскаспий халықаралық көлік бағытына, яғни Орта дәлізге стратегиялық маңызды маршрут ретінде қарайтынын атап өтті. Өйткені, ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір рөлін атқарады.
– Осыған байланысты KIND, Korail, Hanwha Ocean компанияларын және Теңіз саласын дамыту бойынша Корея корпорациясын Каспийдің порт инфрақұрылымын, соның ішінде Ақтау мен Құрық порттарын өркендетуге қатысуға шақырамыз, – деді Ерсайын Нағаспаев.