Otpan News Logo

8 маусым күні Ақтау аспанында ерекше бұлттар байқалды

8 маусым күні Ақтау аспанында ерекше бұлттар байқалды

Abylay.talasbayev-тың айтуынша, 8 маусым күні Ақтау аспанында ерекше бұлттар пайда болды. Көпшілік жай ғана «әдемі бұлттар» деп мән бермей өткен көрініс - шын мәнінде Ақтау климатының өзгеріп жатқанын білдіреді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл жай ғана бұлт емес, биіктігі 10-12 шақырымға жететін будақ-жаңбырлы бұлттар. Бұл бұлттардың төбесі ұшақтың биіктігінен де асып түседі. Олардың пайда болуы өте қызық процесс. 


• Қатты ыстық пен бу: Жер бетіндегі аптап ыстық ауа күрт жоғары көтеріледі.

• Шұғыл сууы: Жоғарыға көтерілген ыстық ауа бірден суып, үлкен энергия бөледі.

• Найзағай : Дәл осы үлкен биіктіктегі соқтығыс күшті найзағай, дауыл және нөсер жауынды тудырады.


Бұл бұлттар - жаңбыр әкелетін бұлттар. Олар Ақтау аспанына жиналса, демек жақын арада өңірде күшті нөсер немесе найзағайлы жаңбыр күтіледі деген сөз.


Соңғы жылдары Ақтаудың ауа райы тұрғындарын жиі таңғалады. Бұрын құрғақ әрі ыстық климатымен ерекшеленетін өңірде мұндай тропикалық сипаттағы алып бұлттардың пайда болуы - жаһандық климаттың өзгеруінің тікелей көрінісі.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!