Otpan News Logo

Биыл Маңғыстауға 500 мыңға жуық турист келеді

|
09.06.2026 11:39
Биыл Маңғыстауға 500 мыңға жуық турист келеді
kaganmedia

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, өткен жылы аймаққа 450 мыңға жуық турист келіп, көрсетілген қызметтердің көлемі 20 млрд теңгеден асты, өсім 11% болған. Бүгінде облыста ішкі туризммен айналысатын 22 тіркелген туроператор бар, олар 248 туристік маршрутты қалыптастырған.


«2026 жылы халықтың жаппай демалу орындарын абаттандыру аясында екі жоба жүзеге асып жатыр: Ақтау қаласындағы «Солдатский» коммуналдық жағажайы — 874 млн теңге және Ақтау қаласындағы жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жағалауды абаттандыру жобасы — 14 млрд теңге. Бұл жобалар жағажай мен жағалау инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз демалыс кеңістігін қалыптастырады», — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.


Кендірлі курорттық аймағын дамытуға ерекше назар аударылған. 2025 жылы басталған жаңа әуежай құрылысы жыл соңында аяқталады. Қазіргі таңда нысанның жалпы дайындық деңгейі - 35%.

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!