Otpan News Logo

Бозжырада екінші визит орталық салына бастады

|
08.06.2026 16:51
Бозжырада екінші визит орталық салына бастады
Қарақия ауданының әкімдігі

Бозжырада екінші визит орталық салынып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.


Жоба бойынша орталық жиналмалы жеңіл конструкциялардан тұрғызылып жатыр. Мұнда ұлттық дизайнмен салынған этно-кофехана мен глэмпинг болады. Нысанда қалдық суды тазартатын биотазарту, қоқысты сұрыптап жинау, күн сәулесінен электр энергиясын алу жүйесі де қарастырылған. 


Орталықта туристердің жайлы қоныстанып, қауіпсіз тынығуына жағдай жасалмақ. Отызға жуық жұмыс орны ашылып, оған жергілікті мамандар алынады. Сонымен бірге, жақын маңдағы ауыл тұрғындарының ауылшаруашылық өнімдерін сатуына жағдай жасалады. 


Орталықтың құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделген. 


Айта кетейік, Бозжыра шатқалы – әлем жұртшылығын тамсандыратын ерекше табиғи мекен. Былтыр Маңғыстауға 420 мың турист келген болса, олардың басым бөлігі Бозжыраға барды.

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!