«JASA» жобасы аясында ауыл жастарына арналған шағын гранттар конкурсы жарияланды
Маңғыстау облысында «JASA» жобасы аясында ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларын қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Конкурстың негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі өмір сапасын жақсарту, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру және жергілікті ортаға оң өзгерістер енгізуге ықпал ету.
Байқауға Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінде тұратын 18 жастан асқан жастар қатыса алады. Ұсынылатын жобалар ауыл аумағында жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір қатысушы конкурсқа тек бір жобамен қатысу мүмкіндігіне ие.
Өтінімдер 2026 жылғы 5-18 маусым аралығында қабылданады. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 18 маусым, сағат 18:30.
Өтінімдер мен жобалар oi_brend_11@mail.ru электрондық поштасына жолданады.
Ұйымдастырушылар жастарды өз ауылдарының дамуына үлес қосуға шақырып, тың идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл байқауға белсенді қатысуға үндейді.
Конкурс туралы толық ақпарат пен ережелер арнайы сілтеме арқылы қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 702 323 3790.