Otpan News Logo

Республикалық байқауда маңғыстаулық абысындар жеңіске жетті

|
19.09.2026 20:11
Республикалық байқауда маңғыстаулық абысындар жеңіске жетті

Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Абысын-Ажын 2026» байқауында Маңғыстау ауданы атынан қатысқан Жыңғылды ауылының Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары жүлделі I орынға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Байқауға Нұрмағанбет ата әулетінен 10 келін қатысып, өзара өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар салт-дәстүрді дәріптеп, отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттайтын мазмұнды өнер көрсетті.


Сайыс барысында келіндер өздерінің қолөнер, шығармашылық және тұрмыстық өнерлерін таныстырып, қазақ халқының салт-дәстүрін ұлықтайтын көріністер ұсынды.


Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары арасында көпбалалы аналар мен «Күміс алқа» иегерлері бар. Олар отбасындағы жауапкершілікпен қатар, еңбекке араласып, түрлі салада қызмет етіп келеді. Әулет келіндерінің арасында ұстаз, мұнай саласының ардагері, мәдениет қызметкері, мемлекеттік қызметші, есепші және жеке кәсіпкер бар.


Республикалық байқауда топ жарып, жүлделі I орынға ие болуы - Нұрмағанбет ата әулетінің ауызбіршілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметінің көрінісі.


«Абысын-Ажын» байқауы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, келіндер арасындағы сыйластық пен ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!