Otpan News Logo

«Қоршаған ортаны қорғау – келер күнге қамқорлық пен ұрпаққа көрсетілген үлгі»

|
20.09.2026 16:50
«Қоршаған ортаны қорғау – келер күнге қамқорлық пен ұрпаққа көрсетілген үлгі»

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған «Өзіңнен баста» экологиялық акциясына Маңғыстаудағы «Желкенді» спорт мектебінің қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Эко челленджге келген тұрғындардың айтуынша, тазалықты сақтау – әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. 


«Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы тұрғындар туған жерге деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, кейінгі ұрпаққа да үлгі болмақ.Тазалық сақтау, сенбілікке шығу секілді бастамалар бір адам арқылы өзгелерге үлгі болады. Мәселен, біз бүгін әріптестерімізбен бірге теңіз жағасын қоқыстан тазартуға келдік. Ал мұнда денсаулығы үшін серуендеп жүрген жастар да, қарттар да бар. «Өзіңнен баста» экоакциясына қатысып жатқанымызды көріп, олар да тазалыққа араласып жатыр»,- деді «Желкенді» спорт мектебінің жүзу спорты бойынша жаттықтырушы Инна Қайырова.
51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!