Дүниежүзілік тазалық күні: Ақтаудағы теңіз жағалауынан 11 тонна қоқыс шығарылды
Ақтауда дүниежүзілік тазалық күні аясында республикалық экологиялық акция мен «Өзіңнен баста» жалпыұлттық челленджі бастау алды. Өңірдегі эко-бастамаға қала тұрғындары белсене атсалысып, теңіз жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Бұл акцияға 10 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қала тұрғындары мен мұнай мекемелерінің өкілдері бар.
Қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 100-ге жуық ағаш отырғызылып, қала аумағы мен табиғи аймақтарды ретке келтіру нәтижесінде 11 тонна қоқыс шығарылды.
«Мұндай экологиялық іс-шаралардың қоғам үшін маңызы зор. Сенбілікке тек есеп үшін емес, өз болашағымыз бен денсаулығымыз үшін белсенді қатысуымыз керек. Бүгінгі тазалық акциясына әріптестерімізбен бірге келіп, теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтар мен өзге де қоқыстардан тазарттық. Біздің ұжымнан 50-ге жуық маман жиналды»,- дейді Шапағат Үсетов.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев