Otpan News Logo

Мұнайлыда өткен дебатта «бірпалаталы Парламент» жеңіске жетті

Мұнайлыда өткен дебатта «бірпалаталы Парламент» жеңіске жетті

Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бірпалаталы Парламент: қолдаймын/қарсымын» тақырыбы аясында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Жақтайтын команда жеңіске жетті, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған зияткерлік додаға жалпы саны 16 команда қатысып, қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелді пікірлермен қорғап, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды.


Жарыс нәтижесі бойынша І орын – №6 мектептің «Z» командасына, ІІ орын – №4 мектепке, ІІІ орын – №9 мектептің «1000 жылдық ойын» командасы мен №16 мектептің «16» командасына бұйырды 


Арнайы номинация «Үздік спикер» – Асылбек Құдайбергеновке, «Үздік төреші» – Махаббат Төребаева пен Асылбек Тоқмұрзаевқа берілді.

206
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!