Otpan News Logo

Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады

|
06.04.2026 14:46
Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады

1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстау өңірлерін жалғайтын тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды.


«Қарағанды–Жезқазған» бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді «Қарағанды–Маңғыстау» бағыты ретінде қатынайтын болды.


Жол жүру уақыты — шамамен 41 сағат.

Келу уақыты: тақ күндері 12:08, ал жөнелту уақыты – 14:34. 


Купенің билет құны – 22 123 тг, ал плацкарт – 14 467 тг. 


Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.


10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!